Алматыдағы Барахолкада шыққан өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

18 Тамыз 2016, 18:12
0
Алматыдағы Барахолкада шыққан өртті сөндіруге тікұшақ тартылды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматыда барахолка базарында шыққан өртті сөндіру үшін су әуеден төгіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, КА-32 тікұшағы жұмылдырылған.

Оқиға орнындағы тілшіміздің айтуынша, аяқ киімдер сақталған қоймалар өртеніп жатыр. Жергілікті саудагерлер аман қалған тауарларды дереу алып кетіп жатыр. Өрт әлі де ауыздықталмаған, оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру машинасы жұмыс істеп жатыр. 

Оқиға орнына Ұлттық ұлан сарбаздары келіп жетті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай