Алматы маңындағы сауда және ойын-сауық орталығына келген әйел сатып алған бургерінен тірі ұлу тауып алды. Оқиғаның видеосын оқырман Tengrinews.kz редакциясына жолдады. Кадрлардан жәндіктің бургердің бетінде жүргені көрінеді. Сатып алған әйел мекеме қызметкерлеріне көрсетеді. Оның айтуынша, жәндігі бар бургерді оның баласы жеп қоя жаздаған.

Қазақстандағы Burger King компаниясының өкілдері оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді. Олар оқиғаның 8 ақпан,да "Апорт" моллының фуд-кортында болғанын растады. Сонымен қатар, жылдам әзірленетін ас мейрамханаларының желісінде жұмыс істейтіндер осы оқиғаға байланысты ішкі тексерістің жүргізілгенін, ал тұтынушыдан кешірім сұрағанын хабарлады.
"Өкінішке қарай, біз ұлудың сэндвичке қалай түсіп кеткенін білмейміз. Осы оқиғаға байланысты ішкі және сыртқы сараптамалар жүргізілді. Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың болмауы үшін өз тарапымыздан барлық жағдайды жасап жатырмыз. Біз Компания атынан мейрамханаға келген тұтынушыдан кешірім сұрап, тапсырыстың құнын өндіріп бердік, сонымен қатар осы оқиғаға байланысты әржақты әріптестікке дайын екенімізді айттық", - деді Қазақстандағы Burger King Алматы мен Астана жөніндегі өңірлік директоры Андрей Капустин.
Сонымен қатар, бұл мекемедегілер "азық-түлік қауіпсіздігінің, сапа, сақтау, жеткізу стандарттарының халықаралық стандарттарының және мейрамханалар санитариясының сәйкес нормаларының сақталатынын хабарлады. Олардың мәліметінше, жеткізіп берушілердің Қауіпсіздік Сертификаты (Food
safety Certificate) бар, оны GFSI (Global Food Safety Initiative) бекіткен.
"17 ақпанда біз "Ұлттық сараптама орталығынан" қорытындыны алдық, соған сәйкес, азық-түлікте азық-түлік қауіпсіздігі бойынша сәйкессіздік анықталмады", - деді мейрамханалар желісінің өкілі.