23 қаңтар 2024 15:09

Алматыдағы жер сілкінісі: мамандар Желіде тараған қорқынышты видео туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыда түнде болған жер сілкінісі тауда орнатылған бейнекамераға түсіп қалған. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті видеоны зерттеп, кадрлардағы көріністі бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда түнде болған жер сілкінісі тауда орнатылған бейнекамераға түсіп қалған. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті видеоны зерттеп, кадрлардағы көріністі бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір минуттан аса уақытқа созылған бейнежазбадан қаланы сілкіндірген күшті жер асты дүмпулері көрінеді. Бұл ретте кейбір аймақтарда жарық өшіп қалғаны байқалады.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Ақпарат және коммуникацияларды цифрландыру бөлімінің басшысы Нұрбол Айтбаевтың айтуынша, камера қабырғаға немесе тірекке орнатылғандықтан, түсірілген видео нақты жағдайды көрсетпейді.

"Бұл кәдімгі бейнебақылау камерасы, "үлкейтілген масштабта" түсіреді. Камера ілулі тұрған қабырға немесе тірек қозғалған, сондықтан кескін [көрініс дұрыс түспеген]. Егер жүгірсеңз де, алдыңызда бәрі қозғалғандай көрінеді.

Техникалық тұрғыдан бұны тек осылай түсіндіруге болады. Видеодан байқасаңыз, жер қалқып тұрған сияқты. Егер жер шынымен осылай қозғалса, кейбір [ғимараттар] қирап қалар еді", - деді ол.

Маман жер сілкінісі салдарынан камераның өзі тербеліп тұрғанын, сондықтан жер қалқып тұрғандай көрсеткенін баса айтады.

"Бұл видеоның жалған немесе жалған емес екенін нақты айту үшін сараптама қажет. Мен техникалық маман ретінде өз тәжірибеме сүйене отырып айта аламын. Бұл таза өз пікірім", - деп түйіндеді Айтпаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети