25 шілде 2017 | 12:11

Алматыдағы кафелердің бірінде жаппай төбелес кезінде оқ атылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

22 шілдеде Алматыдағы кафелердің бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

22 шілдеде Алматыдағы кафелердің бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төбелестің ушыққаны соншалық - оны тоқтату үшін ескерту ретінде бірнеше рет оқ атылған. ІІД өкілдері бұл деректі растап отыр.

Редакцияға куәгерлер жолдаған видеодан екі топ арасында жанжал туып, бір топ жігіттің кадр сыртында көрінбей қалған адамдарды соққыға жыға бастағаны көрінеді. Біраз уақыттан кейін қарудың атылғаны естіледі. 

Алматы қалалық ІІД өкілдері бұл дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелгенін мәлімдеді. 

"22 шілдеде таңғы сағат 04:00-де Алмалы ауданының кезекші бөліміне Желтоқсан көшесіндегі ойын-сауық орындарының бірінде төбелес болып, оқ атылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, ешкім медициналық көмекке жүгінбеді. Бұл дерек бойынша полицияға да ешкім арызданбады. Оқиға орнына тексеру жүргізген жедел-тергеу тобы травматикалық қарудың гильзаларын тапты. Қазіргі кезде ол сараптамаға жіберілді, осы арқылы оның кімге тиесілі екені анықталады", - деп хабарлады қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек. 

Қазіргі кезде полицейлер төбелеске қатысушыларды іздестіріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети