13 сәуір 2015 15:03

Алматыдағы "Қағанат" асханасында өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматы қаласында Сәтбаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қағанат" асханасының ғимараты өртенді.


Алматы қаласында Сәтбаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қағанат" асханасының ғимараты өртенді.

Асханаға келушілердің айтуынша, өрт 14.20 шамасында дәретханаға жақын жерде шықты. Бұл уақытта ғимаратта шамамен 150 адам болды. Олардың барлығы эвакуацияланды. Асхана территориясы қоршауға алынды. Тілсіз жауды ауыздықтауға бес өрт сөндіру техникасы жұмылды. Өрт шыққан жерге қол жеткізу мақсатында өрт сөндірушілер ғимараттың шатырын алып жатыр. Сонымен қатар, оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеу үстінде. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен адам жоқ. Ешкімге медициналық жәрдем қажет болмады. 

Сәтбаев көшесі Сейфуллин мен Наурызбай көшелерінің аралығында жабық тұр.

 Еске салайық, осыған дейін Алматы облысындағы техникалық жөндеу орталығында 5 автомобильдің өртеніп кеткені хабарланған болатын. Өрт 10 сәуірде сағат шамамен 20.00-де Қайнар ауылында шықты. 300 шаршы метрді шалған өрттен бір адам зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша, Алматы облысындағы өрт электр сымдарынан шыққан. Өрт шыққан кезде ТЖО қызметкерінің қолы күйіп қалды, оған қажетті медициналық жәрдем көрсетілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети