08 мамыр 2015 | 23:22

Алматыдағы қарулы шабуыл: 9 миллион теңге қолды болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Территория происшествий" ©"Территория происшествий"

Алматыда "РЭМ Кран" ЖШС-ның қызметкерлеріне жасалған шабуыл кезінде қылмыскер 9 миллион теңгені алып кетті, - деп хабарлайды "КТК" арнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "РЭМ Кран" ЖШС-ның қызметкерлеріне жасалған шабуыл кезінде қылмыскер 9 миллион теңгені алып кетті, - деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Бұл қаражат ЖШС қызметкерлеріне берілетін жалақы болған. Куәгерлердің айтуынша, фирманың қызметкерлері машинадан шығып, ғимаратқа бет алған. Дәл есік алдында оларға травмат тапаншасымен белгісіз ер адам жақындаған. Ол ақша салынған сөмкені тартып алып, бірнеше рет оқ атқаннан кейін қашып кетті. Салдарынан жарақат алғандардың бірі оқиға орнында жан тапсырды, екіншісінің арқасына оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді. 

Осыған дейін бұл дерекке байланысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны анықталған болатын. Арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды, олардың құрамында Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасы мен қалалық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері бар. Шұғыл-тергеу амалдары мен қылмыскерлерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети