Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жігіт қаза тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:instagram.com/net.zastroyke.almaty Фото:instagram.com/net.zastroyke.almaty

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін мұны қалалық полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін мұны қалалық полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрылыс алаңындағы өлім туралы Нұрмақов-Қабанбай батырдағы құрылысқа шағымданып жүрген "За комфортный город" Instagram-парақшасының авторлары жазды.

"Құрылыс алаңында 19 жастағы құрылысшы, жас жігіт қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Біз олардың құрылысы тәртіпбұзушылыққа толы екенін неше рет жаздық? 

Қарлы ауа райында дәнекерлеу жүргізді, Калинин көшесіне (қазіргі Қабанбай батыр) бетон төкті, сосын барлық көлік бетон болды. Жолаушылардың төбесіндегі трактор да, ойын алаңындағы жебелер, бетонды да таңғы төртке дейін құйғанды ұнатады.

Тағы не болуы керек, айтыңыздаршы? Неге рейдтер барлар мен мейрамханаларға жасалады? Ал құрылыс ше? Енді біреудің ұлы үйіне оралмайды", - делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Сонымен қатар, аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде осы учаскеде "ұшып жүрген" техниканың суреті жарияланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro