Алматыда Медеу ауданының әкімдігі лай көшкіні жүрген қауіпті тау беткейіне қатасты тұрғындар өтініші туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Медеу ауданының әкімдігі лай көшкіні жүрген қауіпті тау беткейіне қатасты тұрғындар өтініші туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін лай көшкіні кезінде қаза тапқан отбасының туыстары мен жақындары және көршілері әкімдікке арыз жазғандарын, сондай-ақ ұжымдық хаттар жазғанын, алайда жергілікті биліктен ешқандай реакция болмағанын айтқан.
Алайда, редакцияның ресми сауалына Медеу ауданы әкімінің аппараты ОДО жүйесінің (Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі) мәліметтеріне сәйкес, тұрғындардан ресми сұраныс болмағанын хабарлады.
"ОДО жүйесінің мәліметтері бойынша, 2021 жылдан бастап жеке және заңды тұлғалардың Олимпийская көшесіндегі еңісті зерттеу туралы ресми өтініштері тіркелмеген", - делінген жауапта.
Әкімдік 2021 жылға дейін өтініштер басқа платформада қабылданғанын түсіндірді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бес жыл бойы сақталады. Осы кезеңнен кейін өтінімдер жойылуға жатады.
"Алматы әкімі Досаевтың тапсырмасы бойынша, лай көшкінінің алдын ала себептерін анықтау үшін нөсер кәрізінің жай-күйін тексеру, нөсер кәрізімен қамтылмаған учаскелерді, ЖТҚ құрылыс объектілерін заңдылық тұрғысынан анықтау және тік 15 градустан асатын беткейлердегі жылжымайтын мүлік объектілерін анықтау бойынша жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта сарапшылар аймақты егжей-тегжейлі зерттеп, тексеріп жатыр. Аяқтағаннан кейін тексеру актісі жасалады. Нәтижесінде мамандар тиісті ұсыныстар береді, соның негізінде осы учаскенің еңісін нығайту бойынша шешімдер қабылданады", - деп хабарлады әкімдік.
Еске салайық, Алматыда 8 ақпанға қараған түні лай көшкіні жүріп, тұрғын үйдің үстіне құлаған болатын. Апат салдарынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!