Алматыдағы музей қоры мен мұрағат, ұлттық кітапхана бүлінген жоқ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы музей қоры мен мұрағат, ұлттық кітапхана бүлінген жоқ

Мәдениет және спорт министрлігі өкілі Алматыдағы Орталық мемлекеттік музей мен Ұлттық кітапханаға шабуыл жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрлігі өкілі Алматыдағы Орталық мемлекеттік музей мен Ұлттық кітапханаға шабуыл жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір мәдениет, мұрағат, спорт, туризм нысандарына сараптама жүргізіліп, келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр. Бүкіл ел бойынша тарихи-мәдени ескерткіштерге сараптама жасалады", - деді ведомствоның баспасөз өкілі.

Оның айтуынша, Орталық мемлекеттік музей мен Ұлттық кітапханаға шабуыл жасалған.

"Әйнектер шағылып, шығу алаңы бүлінген, есіктер сынған. Бірақ қор мен музейге ешқандай зиян келмеген. Қазір қандай мөлшерде шығын келтірілгені анықталып жатып. Тарихи-мәдени мұра тізіміне кірген нысандарға мұқият сараптама жасалады", - деді Мәдениет министрлігі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети