30 қараша 2023 | 17:50

Алматыдағы өрт: хостелдегі өрттен кейінгі жағдай қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті 13 адамның өмірін қиған өрттен кейінгі хостелдің қазіргі жағдайын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті 13 адамның өмірін қиған өрттен кейінгі хостелдің қазіргі жағдайын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған кадрларда өрттен зақымданған бөлмені көруге болады: қираған, күйе болған қабырғалар көрінеді.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрттің матрастар орналасқан жертөле дәлізінде шыққанын айтты.

Еске салайық, Қазақстанда жертөле мен астыңғы қабаттарды жатақхана мен қонақүй ретінде бейімдеуге қатаң тыйым салынған.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.

Алматыда өрт шыққан хостел бұрын қандай болған? Суреттер

Хостелде, алдын ала мәлімет бойынша, 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған. Өртті сөндіруге Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған.

Үкімет хостелдегі өртті тергеу бойынша комиссия құрды. Сондай-ақ, өрт дерегі бойынша қылымыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети