02 тамыз 2019 14:12

Алматыдағы өрттің себебі айтылды

Камила Долаева Журналист
© Куәгер

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Назарбаев даңғылындағы өрттің себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Назарбаев даңғылындағы өрттің себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, ғимарат шатыры өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғандықтан жанған.

Реклама
Реклама

"Битумды қыздыру үшін ашық от қолданылған, бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның айтуынша, ауданы 10 шаршы метр 5 қабатты үйдің шатыры мен битум жанған.

Назарбаев даңғылындағы үйлердің біріндегі шатырдың жануы туралы хабарлама 11.58-де келіп түскен. Өрт сөндіру қызметі шақыру орнына 6 минуттан соң, 12.04-де келді. Өрт 12.31-да ауыздықталды. Өрт сөндіру барысында 30 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала бар. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Айта кетелік, бұған дейін Алматыдағы Назарбаев даңғылында көпқабатты үйден өрт шыққаны хабарланған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram