Алматыдағы өзін-өзі өртеу оқиғасы: жаңа видео пайда болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы өзін-өзі өртеу оқиғасы: жаңа видео пайда болды видео кадры

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайындағы өзін-өзі өртеу оқиғасының видеосы пайда болды. Кадрларда ер адамның телефонмен сөйлесіп тұрғаны және полицейлермен сөз таластырып тұрғаны көрінеді. Кейін кассир әйелді бөлмеден шығарып жібергені және бірнеше минуттан кейін өзін өртегені көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны оқиға болған Nur Ai & Co әуетурагенттігінің директоры жариялады.

"Ол кіріп, телефон сұрады, біреуге қоңырау шала бастады, рейске үлгермедім деді ме, кейін өзіне бензин құйды. Біздің агент шығаруын өтінген, ол оны шығарып, содан кейін өзін өртеді. Біздің қызметкеріміз, Ксения, абыржымай, бәрін анық әрі жылдам істеді", – деп жазды Facebook-парақшасында Nur Ai & Co әуетурагенттігінің директоры Гүлмира Садуақасова.

Сондай-ақ ол ер адамның кассаға жанғыш сұйықтықпен келгені айтылды.

Не болды?

Еске салайық, 25 тамыз кешке ер адам Алматы әуежайының Т-1 терминалында өзін өртеген. Полицейлер әуежай қауіпсіздік қызметімен бірге дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап: өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер зардап шеккенді қалалық ауруханаға жеткізді.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

26 тамызда ер адамның жағдайы белгілі болды. Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, оның жағдайы өте ауыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети