Алматыдағы Сайран көліне тағы бір адам батып кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сайран көліне тағы бір адам батып кетті

Алматыдағы Сайран көлінде сәрсенбіде тағы бір адам суға кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сайран көлінде сәрсенбіде тағы бір адам суға кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімнің "Шомылуға тыйым салынған" деген ескерту белгісі орнатылған жерге суға түскені және із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнына дереу сүңгуірлер жетті. Кейін жасөспірімнің денесі судан өлі табылып, шығарылды.

Сол күні кешке, сағат 19:26-да Сайран көлінен 1977 жылы туған ер адамның денесі шығарылды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам шомылуға тыйым салынған жерде мас күйінде суға түсіп, батып кеткен.

Алматы ТЖД Сайран көлінде барлық құрылыс, санитарлық жұмыстар аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілгенге дейін шомылуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді. Тыйымды бұзған жағдайда азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар, соның ішінде айыппұлдар салынады.

Ескерту белгілері орнатылғанына қарамастан, тұрғындар тыйымды елемей, қауіпті әрі рұқсат етілмеген жерлерде әлі де шомылып жүр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети