Сайран көлінің жағалауында төбелеске қатысқан алты адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Оның ішінде басынан гитарамен соққы алған жеке кәсіпкер де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сайран көлінің жағалауында төбелеске қатысқан алты адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Оның ішінде басынан гитарамен соққы алған жеке кәсіпкер де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға орнында алты адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Оның үшеуін жедел жәрдем каретасы Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына алып кетті, оның біреуі № 7 қалалық ауруханасында қаралғаннан кейін үйіне қайтарылды. Оның әртүрлі дене жарақаты болды, жағдайы - орта деңгейде ауыр. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.
Алматы ІІД өкілдері, төбелеске 10 адамның қатысқанын айтады: жетеуі бір жақ, үшеуі екінші жақ. Осыны көрген полицей көмек шақырған, олар төрт минуттың ішінде келген.
Еске салайық, Алматыдағы Сайранда 2 шілдеде кешкі сағат 19:00 шамасында жаппай төбелес болды. Соққыға жығылған адам кәсіпкер Артем Алпатов екені белгілі болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
"Қалай болғанын білмеймін. Әжетханаға шыққанбыз, екі досымды біреулер тепкілеп жатыр екен. Біреуінің беті қанап кеткен, оны қорғаштай бастадым, сосын мені құлатып, гитарамен ұрды. Сосын не болғаны есімде жоқ, жедел жәрдем машинасында есімді жидым. Басыма бес тігіс салды. Достарымның айтуынша, бізге жағалауда бір топ жігіт келіп, гитара сұрапты, тартып алғысы келді ме, әлде ән айтқысы келді ме, сосын біреуімізді ұрыпты, достарымның бірі төбелесе кеткен", - деді Артем Алпатов.
Қалалық полиция өкілдерінің айтуынша, төбелес шығарғандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелес 2 шілдеде кешкі уақытта болған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалған.
"Екі топ жігіт ерегесіп, кейін төбелес шыққан. Оқиға орнында болған жалғыз полицей нұсқаулық бойынша әрекет етті. Қосымша күш шақыртылғаннан кейін төбелесті тоқтатуға және қатысушыларды ұстауға бағытталған шара жүргізді. Зардап шеккендерге дереу жедел жәрдем шақыртылды, қалғандары Алмалы аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Тергеу шаралары барысында төбелес шығарғандар анықталып, қамауға алынды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысында алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүрген", - деп хабарлады қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.