Алматыдағы Сайран көлінде дәстүрлі түрде өтетін джип-фестте аяқасты пилот қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz порталына сілтеме жасап.
Алматыдағы Сайран көлінде дәстүрлі түрде өтетін джип-фестте аяқасты пилот қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz порталына сілтеме жасап.
Сол жерде кезекшілік атқарған дәрігерлер бригадасы көмек көрсете алмады және олар спортшының көз жұмғанын айтты. Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша марапаттауды ұйымдастырушылар өткізген жоқ, екінші күні туралы мәселе де әлі шешілген жоқ.
Басылымның мәліметінше, республикалық джип-спринтерлердің қатысушысы әрі жүлдегері талдықорғандық Азамат Әбдіғали қайтыс болды. Ол өзінің дайындалған УАЗ автокөлігімен "Спорт" категориясы бойынша жарысқа түсіп, финишқа жете алмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі - өкпе артерияның тромбоэмболиясы.