Алматыдағы Сайын көшесінде асфальт опырылып түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыдағы Сайын көшесінде асфальт опырылып түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға 19 қазан күні түнде болған. Апаттық қызмет мәліметтеріне сүйенсек, Сайын мен Торайғыров көшелерінің қиылысында құбыр жарылып, асфальтты бүлдірген. Соның салдарынан диаметрі төрт метрге дейінгі шұңқыр пайда болды. Төтенше жағдай болған жер қоршауға алынып, көліктердің оған түсіп кетуіне жол берілмеді. Оқиға орнында "Холдинг Алматы Су" қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
© "Территория происшествий"
Еске сала кетейік, биыл маусым айында Алматыдағы Төле би көшесінде асфальт опырылып түсті. Оқиға 15 маусым күні таңертең Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болды. Оқиға салдарынан сутартқыштарға зақым келген жоқ. Дегенмен көліктердің қозғалысы қиындады. Төтенше оқиға болған жерге топырақ толы КамАЗ келді, ол 2-2,5 метрлік шұңқырды көмді.