Алматыда жүрген селден қауіпсіз аймаққа көшкен жұрттың үйіне тонаушылар түскен. Бұл жайында "КТК" телеарнасы хабарлады. Телеарна тілшілері көрсеткен видеодан бір топ адамның ұры делінген кісіні ұрып-соғып жатқанын байқауға болады.
Алматыда жүрген селден қауіпсіз аймаққа көшкен жұрттың үйіне тонаушылар түскен. Бұл жайында "КТК" телеарнасы хабарлады. Телеарна тілшілері көрсеткен видеодан бір топ адамның ұры делінген кісіні ұрып-соғып жатқанын байқауға болады.
Қарғалы ауылының тағы бір тұрғыны Камалсейіт Езімбаевтің айтуынша, оның үйінде селден кейін бағалы заттар қолды болған. "Құнды ішік, алтындар, балаларымның киім-кешектері. Өзінің киімдері, костюм-шалбар мен көйлектер ұрланған. Қызымның алтындары да жоқ", - деді ол.
Тілшілер сел алған елді мекенді аралап көрген. Олардың айтуынша, қой тастарды жылжытып, көпірлерді қиратқан сел қаланың төменгі бетіндегі Алғабас ауылының тұрғындарын да әбігерге салған. Тек ауыр техника өте алатындай жағдайға түскен жолдар таңнан бері тазартылуда. Ал зардап шеккен 127 ауланы ретке келтіру үшін коммуналшылар ақы сұрапты. "Бағана әкімдіктен келдік деді. Кім екенін білмейміз, бізге құжаттарын көрсеткен жоқ жас жігіттер. Міне машина, бензинін құясыздар әрбір рейсіне 3 мың теңгеден ақша төлейсіздер деді. Біз оған келіспедік", - деді Алғабас ауылының тұрғыны Нұрхан Ахметов.
Апаттан ақша жасағысы келген пысықайлар барлық су басқан аудандарда төбе көрсетіпті. Көмек келмеді деп ашынған бір топ тұрғын бүгін Наурызбай ауданының шенеуніктерін жағадан алуға дейін барды.
Қазір сел зардабын жоюға 1700 адам мен 300-ге тарта техника қызмет етіп жатыр екен. Бірақ бұл аз дейді құтқарушылар. Сондықтан Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды күте тұруға шақырды.
Қазіргі таңда шайылып кеткен 7 көпірді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар 27 электр бағанасын қайтадан орнату қажет. Ал шығын көлемі әлі де есептеліп жатыр.