Алматыдағы тәртіпсіздіктер: жедел жәрдемнің 5 қызметкері зардап шекті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: жедел жәрдемнің 5 қызметкері зардап шекті

Алматыда тәртіпсіздікті жақтаушылар жедел жәрдем көлігіне кедергі жасап, медицина қызметкерлеріне зақым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Комендатурасының ақпараттық орталығы мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәліметінше, азаматтар емханалар мен ауруханаларға кіріп, медицина мекемесінің мүліктері мен жабдықтарына зиян келтірген.

"Заңсыз әрекеттер нәтижесінде жедел жәрдемнің 5 қызметкері, оның ішінде 2 жүргізуші мен 3 медицина қызметкері зардап шекті. Олар қалалық стационарларға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2 жедел жәрдем көлігі бүлінген, Қалалық кардиологиялық орталықта қабылдау бөлмесі мен клиникалық-диагностикалық бөлімшенің әйнектері сынған. Алмалы ауданының АМСК ғимаратында вандализм актісі тіркелген. Наурызбай ауданында №7 ҚКА қабылдау бөлмесіне пациентпен жедел жәрдем көлігінің қатынауы тоқтаған.

Бұл әрекеттер пациенттерге уақтылы медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіреді және азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети