Алматыдағы Төле би көшесінде асфальт опырылып түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыдағы Төле би көшесінде асфальт опырылып түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға 15 маусым күні таңертең Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болды. Оқиға салдарынан сутартқыштарға зақым келген жоқ. Дегенмен көліктердің қозғалысы қиындады. Төтенше оқиға болған жерге топырақ толы КамАЗ келді, ол 2-2,5 метрлік шұңқырды көмді. Қазір коммуналдық қызмет мамандары апаттың салдарын жойып жатыр, қауіпті аймаққа жол белгілері мен қоршаулар қойылған. ТЖ салдарын жою әлі де жалғасып жатыр. Асфальттың опырылып түсу себебі әзірше белгісіз.
Еске сала кетейік, биыл сәуірде БҚО Ақсай қаласында асфальт адамдардың көзінше опырылып қалған болатын. Оқиға Дружба және Сырым Датов көшелерінің қиылысында болды. "Өткен жылы тап сол жерде асфальт тағы опырылған болатын, ол балшықпен және шағыл тастармен көмілді, қорқынышпен жүріп өтетінбіз. Енді міне тағы да шұңқыр пайда болды", - деді куәгер, Ақсай тұрғыны Марат.