Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясына сілтеме жасап.

Жер асты дүмпуі 22 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 12.54-те тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 103 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында болды. Энергетикалық класы - 9,4. Жерасты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдікте болған.
Жерасты дүмпулерінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.