Қырғызстан территориясында магнитудасы 4,9-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Жер асты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 7.00-де тіркелді. Оның ошағы Алматының оңтүстік батысында 182 шақырым жерде болғаны анықталды. Тербелістің энергетикалық класы - 11,0, ал тереңдігі 10 шақырымға жеткен. Зардап шеккендер мен бүлінгендер туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, 13 тамызда Алматының оңтүстігінен 304 шақырым жерде, Қытай аумағында магнитудасы 5,6-ға тең жер сілкінісі тіркелген болатын.