1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыдан 250 шақырым қашықтықта жер сілкінді

© Some.kz © Some.kz

Қазақстан аумағында магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша 17 тамызда сағат 12.08-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстігіне қарай 251 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 10,1, тереңдігі - 15 шақырым. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 3 тамызда Алматыдан 117 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында магнитудасы 3,8-ге тең жер сілкінісі тіркелген болатын. Зардап шекекндер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

 
Қазақстанда күн суытады