11 сәуір 2015 | 08:21

Алматыдан 292 шақырымда магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Some ©Some

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 292 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 292 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 10 сәуір күні Астана уақыты бойынша 10.47-де тіркелді. Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 292 шақырымда, Қытай территориясында орналасты. Жерасты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдіктен анықталды. Оның энергетикалық класы - 9,9. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісінің болғаны хабарланған еді. Жерасты дүмпулері 30 наурыз күні Астана уақыты бойынша 12.48-де тіркелді. Зілзала эпицентрі Алматы облысында - Қазақстан аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдіктен анықталды. Оның энергетикалық класы - 10,1. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети