Алматыдан 314 шақырымда жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 314 шақырымда жер сілкінді ©Some.kz

Алматыдан 314 шақырым қашықтықта жер сілкінді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап. Сейсмикалық станциялар желісі магнитудасы 5 болатын жер сілкінісін 17 наурыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 22.34-те тіркеген. "Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 314 шақырымда, Қытай аумағында орналасқан", - делінген хабарламада. Жерасты дүмпулерінің энергетикалық класы - 11,3-ке тең. Тербеліс 15 шақырым тереңдікте болған. Оның сезілгендігі туралы мәлімет жоқ. Еске салайық, бұдан бір күн бұрын - 16 наурызда Алматыдан 130 шақырым қашықтықта - Қырғызстан аумағында жер сілкінген болатын. Саты, Күрметі елді мекендерінде сілкініс МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балл түрінде сезілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети