4 сәуір күні Астана уақытымен сағат 17:59-да қазақ-қытай шекарасы маңында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Сілкініс ошағы 3 шақырым тереңдікте болғаны анықталған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының солтүстік-шығыс бағытына қарай 320 шақырым, яғни Талдықорған қаласының шығысына қарай 183 шақырым, ал Жаркент қаласынан солтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде тіркеліп отыр.
Опат болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
16 наурызда таңертең Алматы қаласының оңтүстік-шығысына қарай 130 шақырым жерде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Сілкініс ошағы 15 шақырым тереңдікте байқалған. Зардап шеккендер жоқ.