Алматыдан 37 шақырым жерде зілзала болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Алматыдан 37 шақырым жерде зілзала болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулері 14 қазанда Астана уақыты бойынша сағат шамамен 11.53-те тіркелді. Зілзаланың эпиценті Алматыдан оңтүстікке қарай 37 шақырымда, Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасында болды. Магнитудасы - 3,3, ал энергетикалық класс - 8,8. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жайлы мәлімет жоқ.