17 ақпан 2015 | 09:50

Алматыдан 371 шақырымда магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©some.kz ©some.kz

Алматыдан октүстік-батысқа қарай 371 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдан октүстік-батысқа қарай 371 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 00.58-де болды. Оның эпицентрі Қытай аумағынан анықталды. Оған 9,9 деген энергетикалық класс берілді. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. 

Еске сала кетейік, 13 ақпан күні Алматыдан 215 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Қырғызстан аумағынан анықталды. Оның энергетикалық класы - 10,4, сілкініс ошағы 5 шақырым тереңдікте болды. 

Ал 10 ақпан күні Алматыдан оңтүстікке қарай 35 шақырымда магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағынан - 15 шақырым тереңдіктен анықталды. Жерасты дүмпулерінің энергетикалық класы - 8,9. Оның ошағы 15 шақырым тереңдікте болған. Тербелістің сезілуі туралы мәлімет жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети