1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыдан 425 шақырымда жер сілкінді

Алматыдан 425 шақырымда жер сілкінді Алматыдан 425 шақырымда жер сілкінді

Алматыдан 425 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР БҒМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мекемесіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 9 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 03.52-де болды. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 425 шақырымда - Қытай аумағында орналасқан. 

Тербелістің энергетикалық класы - 12,4, дүмпулер 5 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың адамдар мен ғимараттарға, басқа да нысандарға әсері туралы мәлімет жоқ. Мұның алдында 8 шілде күні Астана уақыты сағат 07.39-да Алматыдан 203 шақырымда жер сілкінген еді. Оның магнитудасы 4,7 болды.