20 шілде 2014 11:29

Алматыдан 434 шақырым жерде жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Алматыдан 434 шақырым жерде магнитудасы 4,3 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» МБ хабарламасына сілтеме жасап.

Мекеме деректері бойынша, жер сілкінісі 19 шілде күні Астана уақытымен 18:16-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы (эпицентрі) Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 434 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы 9,8-ге тең. Жер асты (бойлау) тереңдігі 15 шақырымды құраған. Зардап шеккендер және қирағандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, 19 шілде күні сағат 13:17-де тағы бір жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 847 шақырым жерде, Ауғаныстан аумағында орналасқан. Магнитудасы – 5,9 балл, жер асты тереңдігі 100 шақырымды құрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети