Жер сілкінісі Алматыдан 767 шақырым қашықтықта болған, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты ІІМ-нің жанындағы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Алматыдан 767 шақырым қашықтықта болған, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты ІІМ-нің жанындағы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экпедициясының сейсмикалық станциялар желісінде 23 тамыз күні Алматы уақытымен 12 сағат 13 минут 22 секундта жер сілкінгені байқалған. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік батысына қарай 767 шақырым жерде Қазақстан территориясында тіркелген.
"Зілзаланың энергетикалық классы - 9.7. Магнитуда MPV - 4.3. Эпицентрінің координаты - 41.07° с.ш. 68.04° в.д. Тереңдігі 0-5 шақырым. Сезілу аумағы: (МSК-64 шкаласы бойынша): Шардара қаласы - 2-3 балл. Қазір ол аумақта арнайы комиссия белсенді жұмыс жасауда", - делінген хабарламада.