Магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі Алматыдан 78 шақырымда тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 17 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 00.28-де болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 78 шақырымда, Қырғызстан аумағында анықталды. Тербелістің энергетикалық класы - 10, тереңдігі - 15 шақырым. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. Алматыда жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы да мәлімет болмады.
Еске сала кетейік, 11 желтоқсан күні Алматыдан шығысқа қарай 77 шақырымда магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Тербеліс ошағы 30 шақырым тереңдікте болды. Алматыда жер сілкінісі сезілмеді.