Алматыдан 95 шақырымда жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 95 шақырымда жер сілкінісі болды Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Алматыдан 95 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 95 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі 10 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 10.52-де тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 95 шақырымда - Қазақстан аумағында болды. Энергетикалық класы - 9,2-ге тең. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдіктен анықталды. Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, мұның алдында - 9 наурыз күні Алматыдан шығысқа қарай 388 шақырымда магнитудасы 3,5-ке тең жер сілкінісі болды, оның эпицентрі Қытай аумағынан анықталды. Сондай-ақ, 9 наурыз күні Алматыдан 290 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында болған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети