Жүк көлігі қиылыста ер адамды қағып кеткеннен кейін, зардап шеккен адам Алматыдағы ауруханаға ауыр халде жеткізілді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жаяу жүргіншіні Бекмаханов көшесіне жетпей, Қапшағай тасжолында қағып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Бір кезде бағдаршамның қызыл түсіне ер адам атып шыққан. Жүргізуші адамды қағып кетпесі үшін, дереу оңға бұрып, металдан жасалған қоршауды бұзған. Алайда бәрібірде ер адамды қаққан.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам қатты мас болған. Аса ауыр халде оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.
Оқиғаның мән жайын құқық қорғау органы қызметкерлері анықтайтын болады.
Сурет "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан