Алматылық 24 жастағы қыз қоршауға соғылып, қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық 24 жастағы қыз қоршауға соғылып, қаза тапты

Алматыда 24 жастағы қыз қоршауға соғылып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 24 жастағы қыз қоршауға соғылып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жол апаты 4 қазанда сағат 16.00 шамасында болған. Қызылтоған ауылы маңындағы Алматы-Өскемен автожолының 209-шақырымында KIA Rio жүргізушісі қоршауға соғылған.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген. Арнайы топ 24 жастағы қыздың тасжолмен солтүстік бағытта келе жатып, көлік тізгінін басқара алмай қалғанын анықтаған. Салдарынан жүргізуші темір қоршауға барып соғылған. Қыз оқиға орнында қаза тапты", - деді полициядағылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Полиция мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексігің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Алматы облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысына жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолдарда барынша абай болуға шақырады", - деп толықтырды ведомстводан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.82  course up  595.31  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети