21 шілде 2016 | 09:50

Алматылық атқыш өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін - заңгер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық атқыш Руслан Күлекбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Хабар телеарнасы. Мұндай болжамды заңгер Асхат Оразаев айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық атқыш Руслан Күлекбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Хабар телеарнасы. Мұндай болжамды заңгер Асхат Оразаев айтты.

Телеарнаның мәліметінше, Руслан Күлекбаев автокөлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін айыпталып отыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің "Қарақшылық" бабы бойынша бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Кейінірек тергеу мәліметінше, Күлекбаев әйелді өлтіріп, "Адам өлтіру"бабы бойынша айыпталады. Осы екі бап бойынша бұл қылмыскердің ісі алты тармақ бойынша жүргізіледі: бірнеше полицейді өлтіргені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 269-бабы бойынша ("Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасағаны немесе оларды басып алу" ) ол сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 255-бабы "Терроризм актісі" бойынша да күдіктілердің қатарына ілініп отыр. Ол бап бойынша Руслан Күлекбаев 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында іс тағы бір бап бойынша жүргізіліп жатыр. Ал ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы "Ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу" бойынга Күлекбаев 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қылмыскер бірінші кезекте осы баптар бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған тағылып отырған айып көп", - деді адвокат Асхат Оразаев.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтің жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полицейлер пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полицейлер пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети