09 шілде 2020 09:32

Алматылық әйел коронавирусты анықтайтын тест тапсыра алмай, үйде босанған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы тұрғыны Марина сәбиін үйде босанды. Перзентханада коронавирус анықтайтын тест тапсырмаған соң қабылдамапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғыны Марина сәбиін үйде босанды. Перзентханада коронавирус анықтайтын тест тапсырмаған соң қабылдамапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 шілдеде жеңіл толғақ басталған. Содан соң Марина күйеуімен жедел жәрдем шақырған. Олар Акушер, гинекология және перинатология ғылыми орталығына жеткізген. Мекемеде оны қараған, бірақ қабылдамаған. Ақылы тест тапсыруға жіберген.

"Тест болмаса қабылдамайтындарын айтты. Оны ақылы тапсырып келіңіз деді. Бірақ мен тест тапсыруға ақшам жоғын айттым. Үйге кеттім. Кешке толғақ күшейді және жедел жәрдем мені тағы перзентханаға әкелді және олар тағы тест тапсыру керегін айтты. Тағы үйге қайттым. Толғағым қатты жиі болмаған. Сосын күйеуім ақша тапты. Таңертең тест тапсырармыз деп ойладық. Бірақ толғағым күшейді. Үшінші жедел жәрдем келді және үйде босандырып алды. Содан соң ең жақын деген екінші перзентханаға алып кетті. Ол жерде бірден қабылдады", - дейді Марина.

Перзентханадағылардың айтуынша, оларда экспресс-тест жоқ, себебі босанатын әйелдер тест тапсырып келеді. 

"Емхана босанатын әйелді дайындап, тесті тегін тапсыруға жолдама беру керек. Біз тест нәтижесі теріс болғанда ғана қабылдаймыз", - деп түсіндірді тіркеу бөліміндегілер.

Емханада Маринаға жолдама берілген, бірақ тегін тест болмаған. Ол бірнеше рет тапсыруға тырысқан.

Қазір анасы мен сәбиі үйінде, жағдайы жақсы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети