Алматы тұрғыны оны қала караоке-клубтарының бірінде ұрып-соғып, тұншықтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғыны оны қала караоке-клубтарының бірінде ұрып-соғып, тұншықтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 12 қыркүйекке қараған түні болған. Төбелеске қатысушылардың бірі Тоғжан Бегалина әлеуметтік желілерде болған оқиғаны айтып берді. Қыздың айтуынша, сол түні ол достарымен бірге өзінің туған күнін тойлаған.
Видеодан алынған кадр
"Бір қыз менің құрбымның мұрнынан ұрды. Мен одан неге ұрғанын сұрау үшін қасына жақындадым. Ол мені би алаңына отырғызып ұра бастады. Бізді оның жігіті ажыратқан кезде, ол оны тыныштандырып, мені одан құтқарғысы келген шығар деп ойладым. Бірақ ол мені қызымен бірге ұрып-соғып, тұншықтырды. Бұл уақытта қызметкерлердің ешқайсысы ажыратуға келмеді. Мен сол жерде өліп қала жаздадым. Олардың менің неліктен өлтіргісі келгенін білмеймін", - деді қыз Instagram-дағы видеода.
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр
Сондай-ақ, қыз полицияға арыз жазғанын айтты. Жәбірленуші күдіктілер тарапынан қудалауға тап болғаннан бері күйзеліске түскенін айтты.
Қалалық полиция департаменті оқиға туралы түсінік берді. Дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген.
"Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Алғашқы тергеу іс-шараларының кешені өткізілді, күдіктілерден жауап алынды. Қазіргі уақытта жәбірленуші алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындады. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақтылық және объективтілік қағидаттарына сай жүргізіледі", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.
Сондай-ақ, тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!