Алматылық тұрғын өртеніп жатқан үйдің 4-қабатынан секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық тұрғын өртеніп жатқан үйдің 4-қабатынан секіріп кетті Видеодан алынған

Алматы тұрғыны төртінші қабаттағы өртеніп жатқан пәтер терезесінен секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны төртінші қабаттағы өртеніп жатқан пәтер терезесінен секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 29 шілде күні кешке Шәкәрім мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болған. Сағат 20.00 шамасында № 25 үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты. Жергілікті тұрғындар оқиға орнынан түрлі видеолар түсіріп Желіде жариялады. Кадрлардан төртінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқанын көруге болады, ал терезе түбінде адам қимылсыз жатқаны көрінеді. Бірақ видео сыртынан оның тірі екенін, демалып жатқанын айтқан дауыстар шығады.

Келесі видеода өрт шыққан жерге құтқарушылар мен полицейлер келгені байқалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS.P АЛМАТЫ|ALMATY🇰🇿🔞⚠️💯 (@krisp__almaty)

Қалалық ТЖД мәліметінше, мекенжайдан қоңырау кешкі сағат 20.20-да түскен. Оқиға орнынан төрт шақырым жерде орналасқан алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі, белгіленген жерге уақытында келген.

"Сағат 20.29-да өрт сөндіру бөлімшелері келді. Оғанға дейін терезеден 56 жастағы ер адам секіргені анықталды. Зардап шегуші жедел медициналық көмек бригадасына тапсырылды.

"Сонымен қатар, өрттің үйдің төбесіне өтуіне жол бермеу үшін шатырды қорғауға өрт оқпандары енгізілді. Өрт сөндіру автоцистерналары жақын маңдағы өрт гидранттарына орнатылды, осылайша судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", - деді ведомство өкілі.

Жедел шаралармен 13 минуттан кейін өрт оқшауланды. Ол 20.46-да толығымен жойылды. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді шарпыған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

"Ғимараттың шатыры мен көрші пәтерлерге жалынның таралуына жол берілген жоқ. ТЖД электр тұрмыстық құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз", - деді ТЖД өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети