Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов мегаполисте алаяқтық деректері жиілеп кеткенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов мегаполисте алаяқтық деректері жиілеп кеткенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Адамдарды алдаудың сан жолы: пайызсыз кердеит беру, жер алып беру, жылжымайтын мүлікті арзанға алу сияқты алаяқтықтар бар. Осыған адамдар сеніп, ақшаларын береді", - дейді прокурор.
Прокурор алаяқтар арасында әйелдердің көп екеін атап өтті.
"Олар адамға сенім ұялататын сияқты. Әйел болғандықтан сенетін шығар", - деп атап өтті ол.
Полицейлер соңғы рет 23 мамырда алаяқтарды ұстағанын мәлімдеген болатын. Алматы ІІД-нің мәліметі бойынша, өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстыратын қыз белгілі бір соммаға мемлекеттік баспана бағдарламасы бойынша кезекті алға жылжытып беруге уәде еткен. 1 мың доллар және одан да үлкен қаржыны адамдардан оның ағасы алып отырған.