Алматыда Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында орналасқан үйлердің тұрғындары жатақхана құрылысына қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында орналасқан үйлердің тұрғындары жатақхана құрылысына қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті тұрғын Олеся Колесниченконың айтуынша, 18 ақпанда таңертең олар құрылыс алаңына жұмысшылар келгенін байқаған. Ол басқа тұрғындармен бірге құрылыс жұмыстары басталғанын білгенін атап өтті.
"Таңертеңнен бастап біз, Горький саябағына жақын аудандардың және жалпы Алматы тұрғындары жатақхана салу жоспарланған осы учаскеде болдық. Құрылыс келесі аптада басталатынын айтқан мердігер де болды. Содан кейін шұғыл түрде мәслихат депутаты Константин Авершинге жүгіндік, ол жедел әрекет етіп, бізбен кездесуге келді. Оның көзінше құрылыс салушының өкілі 1 наурызға дейін ешқандай жұмыс жүргізілмейтінін мәлімдеді", - деді ол.
Колесниченконың айтуынша, тұрғындар "жоспарланған құрылысқа наразы" екені туралы ресми хат дайындап жатыр.
"Біз жоспарланған құрылыс қаланың экологиясына да, бүкіл республика үшін мәдени және тарихи маңызы бар нысанға да орны толмас зиян келтіреді деп есептейміз. Біз бұған бей-жай қарамайтын тұрғындардан шетте қалмауды және бізді белсенді қолдап, өз азаматтық ұстанымын білдіруді сұраймыз", - деп толықтырды Колесниченко.
Айта кетейік, бұған дейін желіде ҚазҰУ-ға тиесілі Алматыдағы жер учаскесі жеке тұлғаға берілді деген ақпарат пайда болды. Кейін жоғары оқу орнына университеттің жер телімдерін сатты деген айып тағылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жоғары оқу орны территориясын ешкім жекеменшікке бермейтінін мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!