09 қазан 2019 | 09:06

Алматылықтар таңға жуық жер сілкінісін сезді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жер асты дүмпулері сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД-ға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жер асты дүмпулері сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД-ға сілтеме жасап.

Жер сілкінісін жергілікті уақыт бойынша 03.49-да "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі тіркеген. Хабарланғандай, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 140 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,0. Магнитудасы - MPV 5,5. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Саты кенті - 3 балл, Алматы - 2 балл", - делінген хабарламада.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, прокуратураға, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдарға хабарландыру жасаған.

"ПД ЖБО-ның деректері бойынша зақымдану мен қирау деректері анықталған жоқ.

"Қазселденқорғау" мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қаупі бар және сел қаупі бар учаскелерде деформация, шөгу және жарықтың пайда болуы анықталған жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети