Алматының барахолкасында 4 қыркүйекте болған жол апатының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының барахолкасында 4 қыркүйекте болған жол апатының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зардап шеккендердің туыстарының мәліметінше, Toyota Сamry көлігінің жүргізушісі және оның әйелі қатерлі дене жарақаттарын алған және қазіргі уақытта Алматының №7 қалалық ауруханасында жатыр. Зардап шегушінің інісінің айтуынша, 36 жастағы Нұрлан Омаров пен 31 жастағы әйелі Гүлнұрдың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған. "Олардың жағдайы ауыр. Әйелі комада. Ағамның екі аяғы, жамбасы сынған және омыртқасы зақымданған. Ота жасау үшін қан керек", - деді інісі Арман Сәрсенов.
Ерлі-зайыпты бірнеше ай бұрын ғана отау құрғаны белгілі болған.
Алматылықтар Омаров Нұрлан Нұрсадықұлына (06.05.1980 жылғы) донорлық қан беріп көмек көрсеткісі келетіндер Өтепов көшесі 1 (Жароков көшесінің қиылысы) мекен-жайында орналасқан Республикалық қан орталығына хабарласуына болады. Қан қабылдау уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін 8.00-ден 15.00-ге дейін қабылдайды. Барлық сұрақтар бойынша 8 777 547 25 25 - Арман және 8 701 763 35 15 - Әлияға хабарласуға болады.
Осыған орай, туыстардың мәліметі бойынша, басқа бір ауруханада қызыл түсті Toyota Celica автокөлігінің жүргізушісі көз жұмған.
Еске салайық, "Болашақ" базарына қарама-қарсы жерде екі автокөлік соғысқан. Куәгерлердің айтуынша Mitsubishi Eclipse автокөлігі көшемен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан Toyota Camry көлігімен бетпе-бет соғысқан.
Жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шеккен. Құтқарушылар адамдарды көліктен шығару үшін арнай техникаларды қолданған. Олар ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Полиция жол апатының себебін анықтап жатыр.
"Біз қазір барахолкада болдық. Сұрастырдық, куәгерлер өте көп. Олар, қызыл түсті Toyota Celica автокөлігі солтүстік бағытта кетіп бара жатып, Газелді озбақ болған. Қарсы жолда менің ағам кетіп бара жатқан. Олар соғысып, артынша көліктерді жан-жаққа лақтырған. Куәгерлер осылай айтты", - дейді Арман Сәрсенов.