Алматының оңтүстік-батысында бір тәулікте төрт бірдей зілзала тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының оңтүстік-батысында бір тәулікте төрт бірдей зілзала тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясының сайтындағы мәліметке сүйенсек, магнитудасы 4,5-ке тең соңғы жер сілкінісі 5 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 07.22-де тіркелген.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 482 шақырымда, Қытай территориясында болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 9.8, ал тереңдігі 5 шақырымда.
Ал оған дейінгі үш жер сілкінісі 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 07.03-те, 09.27-де және 09.56-да тіркелген. Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 476-506 шақырымда, Қытай аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 10-10.5 аралығында, магнитудасы - 4,5-4,6, тереңдігі бес шақырымда.