Алматының орталық көшесінде жаппай төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының орталық көшесінде жаппай төбелес болды

Желіде Алматы қаласы Медеу ауданында жолда болған жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Әлеуметтік жеді қолданушылары кадрларда жігіттермен бірге қыз да төбелесіп жатқанын болжады. Қала полициясы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-да пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Желі қолданушылары төбелес арасында қыз бар екенін болжады. 

"Жігіт қызды жұдырықпен ұрып жатыр. Жігіттер не болып барады", - деп жазды cham_lg.

"Қызды ұрып жатыр, ал жүргізуші қарап тұр", - деп қосты yuandtim.

Полиция жағдайға түсінік берді.

"Аталған дерек Алматы қаласы Медеу ауданының аумағында болды. Ол қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелес достар арасында болғаны анықталды. Барлық айыпталушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Олардың әрқайсының іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, одан әрі Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети