Алматы полициясы қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жаппай төбелеске қатысушылардың аты-жөндерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаппай төбелестің видеосы кеше түнде әлеуметтік желілерде жария болды. Алматы қаласының ішкі істер департаменті видеодағы заңбұзушылық деректі тексеруге дереу кірісті.
"Оқиғаның қайда болғаны бірден анықталды. Бұл - қаламыздағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірі. Ал төбелес дерегі 18 қазанда болды. Кафелердің бірінің күзетшілері мен олардың достарының төбелескені анықталды. Сауда орталығының түсінігінде қақтығыстың бірер минуттан кейін басылғаны, соған байланысты оқиға туралы полицияға хабар бермеу туралы шешімнің қабылданғаны айтылады. Ал осы дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің басталғанын айтып өтейін. Болған оқиға бұзақылық ретінде қарастырылып отыр. ІІБ жедел бөлімшелері төбелеске қатысқандардың аты-жөндерін анықтады. Әрмен қарай өндіріс кезінде олардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Бостандық ауданының ІІБ басшысы Берік Әбілбеков.