Алматылық мейірбике психотроптық заттарды заңсыз сақтап келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық мейірбике психотроптық заттарды заңсыз сақтап келген © Ladyvenus.ru

Алматыда полицейлер психотроптық заттарды заңсыз сақтаған мейірбикені әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер психотроптық заттарды заңсыз сақтаған мейірбикені әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дерек "Допинг" жедел-профилактикалық шарасын жүргізу барысында анықталды. Қаладағы компаниялардың бірі фентанил мен промедолды сақтау ережесін бұзған. Осыған байланысты есірткі және психороптық заттарды сақтау ережесін бұзғаны үшін компанияның мейірбикесі қылмыстық жауапқа тартылды.

"Психотроптық заттардың заңды айналымы құқықтық-нормалық регламентпен мұқият бекітілген. Осы талаптар барлық медициналық мекемеде қатаң сақталуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, тиісті тұлғалар жауапқа тартылады. Осы мақсаттағы бақылау жұмыстарын құқық қорғау органдарының қызметкерлері үнемі жүргізіп отырады", - деді қалалық Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың басшысы Азамат Садыров.

Сонымен қатар, осы шара аясында жүргізілген тексеріс кезінде тағы бірқатар есірткі, психотроптық және улы заттарды заңсыз сақтау дерегі анықталды. Нәтижесінде 20 ампула промедол, 49 ампула фентанил, бес келіден аса толуол тәркіленді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети