Алматылықтар алаяқ әйелдердің арбауына жиі түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар алаяқ әйелдердің арбауына жиі түседі

Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов мегаполисте алаяқтық деректері жиілеп кеткенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов мегаполисте алаяқтық деректері жиілеп кеткенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Адамдарды алдаудың сан жолы: пайызсыз кердеит беру, жер алып беру, жылжымайтын мүлікті арзанға алу сияқты алаяқтықтар бар. Осыған адамдар сеніп, ақшаларын береді", - дейді прокурор. 

Прокурор алаяқтар арасында әйелдердің көп екеін атап өтті. 

"Олар адамға сенім ұялататын сияқты. Әйел болғандықтан сенетін шығар", - деп атап өтті ол. 

Полицейлер соңғы рет 23 мамырда алаяқтарды ұстағанын мәлімдеген болатын. Алматы ІІД-нің мәліметі бойынша, өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстыратын қыз белгілі бір соммаға мемлекеттік баспана бағдарламасы бойынша кезекті алға жылжытып беруге уәде еткен. 1 мың доллар және одан да үлкен қаржыны адамдардан оның ағасы алып отырған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети