Алматының тауындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының тауындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды Tengrinews.kz

Алматының тауындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды деп хабарлайды Алматы облысының ТЖҚД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Құтқарушылардың мәліметінше, бүгін Іле Алатау ұлттық паркі территориясында сағат түскі 12-лер шамасында өрт орын алған. Кейіннен қуарған алқап отқа оранғандығы мәлім болды.

Қазір өртті әлі сөндіріп жатыр. Құтқару операциясына "Қазәуеқұтқару" тікұшағымен жеткізілген шамамен 70 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ жалынды ауыздықтай алмай жатқан жағдай үшін тағы 150 шұғыл әрекет ету қызметі қызметкерлері төтенше жағдай орнына келген. Қазіргі уақытта өрт шалған алқап көлемі жеті гектарды қамтиды.

Тау етегіндегі Төтенше жағдайлар министрлігінің штабы мен төтенше жағдай орын алған аумақ арасында екі тікұшақ қатынап жүр. Өртке оранған алқапқа автокөлікпен жету мүмкін емес, сондықтан ол жерге адамдар және құрылғылар әуе көлігімен тасымалдануда. Қазір өртті сөндіруге "К-32" тікұшағы келіп қосылды, ол жалын шалған аумаққа су төгетін болады. Әзірге өрттен зардап шеккендер немесе мертіккендер туралы мәлімет жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети