Алтайда қазақстандық бойжеткен ауыр жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтайда қазақстандық бойжеткен ауыр жарақат алды ©РФ Алтай Республикасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі

Алтай өлкесінде демалған өскемендік бойжеткен ауыр жарақат алып қалды, - деп хабарлайды Sib.fm. Қазір әлеуметтік желілерде омыртқасын сындырып алған қызға көмек қаржы жиналып жатыр. Бойжеткенге шұғыл медициналық жәрдем мен тасымал қажет.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай өлкесінде демалған өскемендік бойжеткен ауыр жарақат алып қалды, - деп хабарлайды Sib.fm. Қазір әлеуметтік желілерде омыртқасын сындырып алған қызға көмек қаржы жиналып жатыр. Бойжеткенге шұғыл медициналық жәрдем мен тасымал қажет.

Жазатайым оқиға 13 шілде күні Чемал ауылында болды. Дарья Пономарева жартастан құлап кетіп, жарақат алды. Оның арқа омыртқасы сынып, тағы екі омыртқасына зақым келген. Оқиға орнына келген құтқарушылар қызды 60 метрге жуық биіктіктен түсіріп алды. Құтқару жұмыстары бес сағаттан артық уақытқа созылған. Зардап шегуші Новосібірдегі ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер қызға операция жасады, бірақ ол әлі күнге дейін аяғын қозғалта алар емес. Пономаревамен бірге Алтайда демалған достары әлеуметтік желілерде Дарьяға көмек ретінде арнайы топ құрды. Қыздың ата-анасы Таулы Алтайға әлі жете қоймаған. "Әзірше дәрігерлер қажет соманы атай қойған жоқ, бірақ біз емдеу ақылы болады деп ойлаймыз. Меніңше, оны тасымалдау біздің мойнымызға жүктеледі, сондықтан алдын ала қаражат іздестіріп жатырмыз", - дейді жарақат алған қыздың достарының бірі.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети