Алтайда қызғаныштан кісі өлтірген қазақстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтайда қызғаныштан кісі өлтірген қазақстандық ұсталды ©sq.com.ua

Ресейдің Алтай өлкесінде Қазақстан азаматы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ Алтай өлкесі бойынша Тергеу комитетінің тергеу басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Алтай өлкесінде Қазақстан азаматы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ Алтай өлкесі бойынша Тергеу комитетінің тергеу басқармасына сілтеме жасап.

Қызғаныштың салдарынан кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің мәліметінше, 18 қыркүйек күні Барнауылда Қазақстанның 50 жастағы азаматы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде 34 жастағы ер адаммен бірге арақ ішкен. Кейін екеуі сол үйдің қожайыны - 46 жастағы әйелге таласып, жанжалдасады. Жанжал кезінде күдікті қарсыласының жүрек тұсына пышақ салады.

Алған жарақатынан ер адам сол жерде қайтыс болды. "Қылмыс жасағаннан кейін Қазақстанның тұрғыны оқиға орнынан қашып кетпек болды, бірақ полицияның жедел қызметкерлері мен тергеушілердің жинақы әрекет еткенінің арқасында ол көп ұзамай қолға түсті", - деп хабарлады тергеу басқармасының өкілдері. Қазіргі уақытта қызғаныштың салдарынан кісі өлтірген ер адам қамауда отыр, жуық арада оған айып тағылады. Тергеушілер дәлел болатын айғақтарды жинап жатыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети